«ARDCON (АРДКОН)» ЖШС 2015 жылы құрылған. Компания бұзбай бақылау әдісімен жұмыс жасайтын зертханасы бар тәуелсіз экспертиза жүргізу мекемесі болып табылады. 2017 жылы ұйымның металды дәнекерлеу және бақылау бойынша сынақ зертханасы ИСО/МЭК 17025-2009 Мемлекеттік стандартына сәйкес аккредиттелуден өтті.
Зертхана бұзбай бақылау іс-шараларын жүргізуге арналған қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған, кең материалдық, нормативті базаға ие және өндірістік қауіпсіздік саласында және қауіптілігі жоғары өндірістік объектілердегі құрылғылардың сапасын бақылау қызметі бойынша жұмыс жасайды. Компания қызмет көрсететін қауіптілігі жоғары өндірістік объектілерге химия, мұнай өңдеу индустриясындағы құбырлар желісі, газ құбырлары, қысыммен жұмыс істейтін арнайы қаптар, мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар, жылу және су ысыту қазандықтары, жүк көтергіш құрылғылар және өзге де өндіріс саласында қолданылатын құрал-жабдықтар жатады.
Компания сараптамаларда полиэтилен және металл құбырларды ультрадыбыстық бақылау, қалыңдықты ультрадыбыспен өлшеу, радиографиялық, визуалды, жылу арқылы бақылау, магнитті ұнтақты бақылау, капиллярлық, құйын тоқ арқылы бақылау, діріл белсенділігін өлшеу, ағуды анықтау арқылы және т.б. бұзбай бақылау әдістерін қолданады.
Зертханамыздың базасындағы қозғалмалы сынақ зертханасы кез келген жерде орналасқан объектілерде зерттеу жасай алады.
Компания ұжымы сараптама және бұзбай бақылау жасау саласында ІІ және ІІІ деңгейлік аттестациядан өткен мамандардан тұрады. Зертхананың атқарушы қызметкерлері ұзақ мерзімді кәсіби дайындықтан өткен. Арнайы өлшеу құрылғыларын кәсіби деңгейде меңгерген, мемлекеттік, салалық стандарттар талаптарын және өзге де нормативтік құжаттарды жетік біледі. «ARDCON (АРДКОН)» ЖШС қызметкерлерінің мұнай-газ кешендерінде және өзге де көптеген өндіріс салаларында сараптама жасау тәжірибесі мол. Олардың қатарында «Теңізшевройл» ЖШС, «ТНК «Казхром» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «НК «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, «Әскери Құрылыс Астана» ЖШС, «ҚР ұлттық ядролық орталығы», «Автогаз Трейд» ЖШС және т.б. өнеркәсіп орындары бар.
Компания әрбір клиентпен жеке-жеке жұмыс жасайды және бұл қызметіміздің ең маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Тапсырылған қызметтің көлеміне, объектілердің орналасуына және өзге де жұмыс шарттарына қарамастан, біз тапсырыс берушіге жоғары сапалы, жылдам және мобильді жұмыс нәтижесін ұсынамыз. Жұмыскерлерімізді жердің шалғайлығы, жұмыстың ауырлығы қорқытпайды. Өйткені жастық жігер, жоғары кәсібилік пен бірлік «ARDCON (АРДКОН)» ЖШС-нің басты қозғалыс күші болып табылады.
ARDCON командасының шеберлігі мен ісін жетік білуі нәтижесінде көптеген тапсырыс берушілеріміз бүгінгі таңда тұрақты тұтынушыларымызға айналған. Компанияның қызметі жөніндегі толық ақпарат ресми сайтымыздың «Қызметтер» бөлімінде ұсынылған.
Өкінішке орай, ақпараттек орыс тілінде қол жетімді.
Өкінішке орай, ақпараттек орыс тілінде қол жетімді.