Магнитті ұнтақпен бақылау әдісі бөлшектердегі ақаулардың үстіңгі жағында магниттелу нәтижесінде пайда болатын магниттік ағынның сейілуін тіркеуге негізделген. Мұнда зерттелетін бөлшектегі ақау ферромагнитті ұсақ бөлшектердің (магниттік ұнтақтың) дисперстік ортада немесе ауа ағымында (ақаудың үстіңгі жағында) тұрып қалуы нәтижесінде белгілі болады. Ақаудың бірыңғай емес магниттік өрісінде пайда болған магниттік бөлшектер ақау болған жерге қарай тартыла түседі. Ақаудың үстіндегі магниттік ағынның сейілуі нәтижесінде пайда болған индикаторлық суреттер әрі олардың ұзындығы көзбен немесе суретті өңдейтін құрылғылар арқылы ақаудың бар екенін тіркеуге мүмкіндік береді.
Магнитті ұнтақпен бақылау әдісі заттың жоғары қабатының және жоғарғы қабаттың астындағы тұтастығының бұзылуын: қылшықтарды, түрлі дәрежедегі жарықшақтарды, дәнекерленбеген бөліктерді, флокен, үсті жабық, асты бос жарықшақтарды, тесіктерді және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.
Магнитті ұнтақпен бақылау әдісі өндірістің барлық саласында қолданылады:
«ARDCON (АРДКОН)» ЖШС дәнекерлеу және металл бақылау зертханасының қызметтерін ұсынады. Зертхана мынадай тексеру әдістеріне ие: радиографиялық тексеру, ультрадыбыстық сынау, ультрадыбыстық қалыңдықты өлшеу, металл қаттылығын өлшеу, енгізілетін заттармен бақылау, магнитті ұнтақты дефектоскопия және басқа да бұзбай бақылау әдістері. Кеңес алу үшін әлеуетті тапсырыс беруші біздің техникалық мамандарымызға хабарласа алады және қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылай алады.
Тел. +7 (7212) 996606,
Тел. +7 (708) 4360630
M02F3P7, Қазақстан Республикасы
Қарағанды облысы, ҚАРАҒАНДЫ Қ.
Штурманская К. 7, корпус 2
E-Mail: info@ardcon.kz